Қытай мен Қырғызстан шекарасындағы жер сілкінісі Алматыда сезілді

Qaz365.kz редакциясы

Қалада 2 балдық діріл сезілді

inbusiness.kz

Жерасты дүмпулері Алматыдан 279 шақырым жерде болды, қалада 2 балдық діріл сезілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

27 ақпан күні сағат 03:42-де алматылық сейсмологтар Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде Қырғызстан аумағы мен Қытай шекарасында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.2.
  • MPV магнитудасы - 5,9.
  • Тереңдігі - 15 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): 2 балл Алматы қ.

27 ақпанда сағат 05:58-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан аумағы мен Қытай шекарасында тағы бір жер сілкінісі болды.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.1.
  • MPV магнитудасы - 5,6.
  • Тереңдігі - 10 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.