Әуе кемесінің қозғалтқыштарының бірі дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған
Джордж Буш құрлықаралық әуежайында (Хьюстон, АҚШ) ұшуға дайындалып жатқан United Airlines авиакомпаниясы 100-ден астам жолаушы мен экипаж мүшелерін ұшақтан шұғыл түрде эвакуациялады, деп жазады Qaz365.kz Reuters-ке сілтемемен.
«Оқиға әуе кемесінің қозғалтқыштарының бірінің дұрыс жұмыс істемеуінен орын алған», – делінген АҚШ Азаматтық авиация әкімшілігінің (FAA) хабарламасында.
Нью-Йорктегі Ла Гуардиа әуежайына бағыт алған борт экипажы техникалық мәселе туралы сигнал алғаннан кейін ұшу-қону жолағына тоқтаған. Жолаушылардың бірі ұшу-қону жолағында келе жатқан ұшақтың қанатынан жалын шыққан сәтті түсіріп үлгерген.
«Өтінемін, бізді осы жерден шығарыңыз», – дейді жолаушы.
Airbus бортында 104 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. United Airlines мәлімдеуінше зардап шеккендер жоқ. Азаматтық авиация әкімшілігі оқиғаны тергеуді бастаған.