Қазақстанда 4,2 мыңнан астам шетелдік заңсыз такси қызметімен айналысқан

Nur-Altay Umirzak

Осыған байланысты республикадан 156 шетелдік шығарылған

Сурет: yamobi.ru

Қазақстанның таксопарктерінде 4,2 мыңнан астам шетелдік заңсыз жұмыс істеді, деп хабарлайды

Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Наурызбай ауданының прокуратурасы еліміз бойынша 400-ден астам таксопаркті анықтап, онда 4237 шетелдік жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз қызметін заңсыз жүзеге асырған. Бүгінгі күні еліміз бойынша ӘҚБтК-нің 517-бабымен 346 шетелдік-таксист (Алматы - 136) және ӘҚБтК-нің 519-бабымен 148 адам (Алматы - 29) шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін (таксопарктер) әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 112 қабылдау-тарату орнына (Алматы - 81) қамалды, республикадан 156 шетелдік шығарылды (Алматы - 79)”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта Көші-қон қызметі комитеті прокуратураның қадағалау актісін қарауда, онда елде заңсыз қызметті жүзеге асырған таксопарктерге де, шетелдіктерге де қатысты тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қойылған.