Қазақстанда дербес медициналық деректерді сақтау мерзімдері ұзартылады

Nur-Altay Umirzak

Сақтау мерзімі 10-нан 15 жылға дейін болмақ

Сурет: sequencehealth.com

Қазақстанда дербес медициналық деректерді сақтау мерзімдері ұзартылатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дайындаған жоба 2025 жылғы 14 ақпанға дейін “Ашық НҚА” порталында жария талқылауға ұсынылған.

Министрлік ұсынып отырған заңға сәйкес диагностикалық жабдықтың көмегімен медицина қызметкері алған дербес деректерді сақтау мерзімдері келесідей мерзімге сақтау көзделеді:

???? ересектер (15 және одан жоғары) - 10 жыл,
???? балалар (0-ден 15 жасқа дейін) - 15 жылға дейін. Бұл белгіленген мерзім ішінде аудиожазбалар, биомагниттік кескіндер, компьютерлік томография, түсті доплерлік карталау, рентгенография, ЭКГ, эндоскопия нәтижелері, тамырішілік ультрадыбыстық, ауыз қуысының рентгенографиясы, МРТ, ультрадыбыстық, сонограммалар, бейнефотографиялық, бейнемикроскопиялық, бейнеэндоскопиялық суреттер және т. б. сақталады.Бұл ретте бірегей сәйкестендіру нөмірлері пайдаланылатын болады”, – делінген министрлік ақпаратында.

Көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін дербес деректер мен ілеспе медициналық ақпарат жойылатын болады.