Биыл көктемде су басу қаупі жоғары өңірлер аталды
Биыл көктемде су басу қаупі жоғары өңірлер белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы «Қазгидромет» талдау орталығы су басу қаупі жоғары өңірлерді атап өтті.
“Еліміздің 9 облысы көктемгі тасқын судан зардап шегуі мүмкін. Сараптама кезінде ауа райы, ылғал мөлшері, жердің беткі қабатының қату қалыңдығы ескерілді. Қауіп деңгейі 3 санатқа бөлінді. Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарында су тасқыны қаупі жоғары екені анықталды. Дегенмен бұл нақты болжам емес”, – делінген «Қазгидромет» ақпаратында.
Синоптиктер мәліметінше, ауа райына байланысты қауіпті аймақтар тізімі өзгеруі де мүмкін.