Қазір республика бойынша ақылы жолдың ұзындығы – 3 мың 200 шақырым
2027 жылға қарай республикалық маңызы бар жолдар 100% интернетпен қамтамасыз етілетін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
“Зерттеу нәтижесі бойынша антенна-діңгек құрылыстарын қосымша орнату қажет 243 нүкте анықталған. 104 станса құрлысы бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынды”, – деді Жаслан Мәдиев.
Еске сала кетейік, осыған дейін біз Қазақстанда биыл тағы 4 мың шақырым жол ақылы болатыны туралы жазған болатынбыз. Қазір республика бойынша ұзындығы 3 мың 200 шақырым ақылы жол жүйесі жұмыс істейді