Қостанай облысында мәслихат төрағасы жемқорлықпен айыпталуда

Nur-Altay Umirzak

Олар ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берген

Сурет: tengrinews.kz

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы және депутаты жемқорлыққа күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қостанай облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеме жасады.

“Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының төрағасы мен депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.Мәслихат төрағасы, онымен аффилиирленген фирманың жергілікті мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік сатып алу шарттарының талаптарын орындамауына байланысты аудит барысында анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қолданбағаны үшін депутат арқылы облыстық Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлеріне 2 млн теңге сомасында пара берді деп айыпталуда. Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында қадағалаушы прокуратура айыпталушыларды сотқа берді”, – делінген агенттіктің мәлімдемесінде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.