Ақылы жолдардың ақысы қаншаға қымбаттайды – минстр Қарабаев жауап берді

Nur-Altay Umirzak

Тарифтердің өсуі жолдардың әртүрлі учаскелері үшін әртүрлі болады

Сурет: kapital.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдармен жүру ақысы төрт есе қымбаттайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол тарифтердің өсуі жолдардың әртүрлі учаскелері үшін әртүрлі болатынын атап өтті: кейбір жолда өсім 30%, басқаларында 40% болады.

“Біз біртіндеп қымбаттатып жатырмыз, бірақ тағы да қайталаймын, оның жергілікті тұрғындарға қатысыжоқ. Абоненттік төлем өзгеріссіз қалды. Қымбаттау шетелдік транзиттік машиналарға бағытталады”, –  дейді ол.

Қарабаев тарифтердің өсуі жергілікті тұрғындарға әсер етпейтінін атап өтті, өйткені олар үшін абоненттік төлем сақталады, ол өзгеріссіз қалады және шамамен 3 мың теңгені құрайды.

Бұған дейін ақылы жолдардан түсетін кірістер Қазақстанда 100 млрд теңгеге жетуі мүмкін екендігі хабарланған болатын.