"Қыз алып қашқандар" қанша жылға сотталады

Nur-Altay Umirzak

Заң жобасындағы қылмыстық жауапкершілік жағдайға байланысты анықталады

Сурет: turkystan.kz

 Қыз алып қашқандарға жаза ауырлап, оларға 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің кулуарында депутат Мұрат Әбенов мәлімдеді.

“Аталған іске қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылып, ҚР ҚК-не түзетулер дайындалды. Заң жобасы қазір оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобының қарауына жіберілді. Аталған заң жобасындағы қылмыстық жауапкершілік жағдайға байланысты болады. Егер қыз алып қашқандар алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болса, кәмелетке толмағандарға қатысты іс болса, денсаулыққа зиян келтірілсе, психологиялық немесе физикалық қысым көрсетілсе қылмыстық жауапкершілік қарастырылады”, – деді депутат Мұрат Әбенов.

Заң жобасына сәйкес жауапкершіліктің келесідей түрлері қарастырылған: бас бостандығынан айыру, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар.