Ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды
Мектептерде есірткісі бар "құлпынай квик" кәмпиттері таралып жатыр деген ақпарат жалған,деп хабарлайды Qaz365.kz
Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
“WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға "құлпынай квик" кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат таралып жатыр. ІІМ бұл таралым шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн”, – деп ескертіп отыр ҚР ІІМ.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын еске салып отыр.