"Блогер, тиктокер, ютуберлер": Әлеуметтік желіден пайда табатындар салық төлеуге міндеттелді

Nur-Altay Umirzak

Салық көлемі 10 пайыз

Сурет: takiemedia.ru

Енді әлеуметтік желіден пайда табатындар салық төлеуге міндетті, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеп отыр.

“Tiktok, Instagram, Youtube сынды әлеуметтік желілерден пайда тауып отырған қазақстандықтар салық төлеуге міндетті. Әлеуметтік желілерде монетизация арқылы табыс табатындар 270.00 нысаны бойынша декларация тапсыруы тиіс. Салық көлемі 10 пайыз. Егер тұрақты түрде жұмысшы жалдамаса, жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Тек қажеттілік туындағанда банк көшірімі мен әлеуметтік желідегі монетизация туралы мәліметтерін көрсетсе жеткілікті”, – делінген хабарламада. 

Кірістердің барлық түріне, соның ішінде шетелдік компаниялардан түсетін кірістерге салық қарастырылған.