Бұл жоба Қазақстан, Қытай және Орталық Азия елдері арасындағы маңызды қадам болмақ
Қазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы ресми ашылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысында жариялаған тапсырмаларын іске асыру аясында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Қытай ғылым академиясының (СAS, Қытай) академиктерімен бірлесіп, Чжэцзян технологиялық университеті (ZJUT), сондай-ақ ҚХР-дың жоғары технологиялық компаниялар тобымен бірге Қазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы ресми ашылып, Чжэцзян технологиялық университетімен қол қойылған меморандум аясында «Кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект және тұрақты даму жөніндегі халықаралық бірлескен зертхана» (бұдан әрі – Зертхана) құруда.
Бұл жоба Қазақстан, Қытай және Орталық Азия елдері арасындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту және озық технологияларды дамыту бағытындағы маңызды қадам болмақ.
Қазіргі заманғы сын-тегеуріндер, соның ішінде климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды басқару, табиғи апаттар және экономиканың цифрландырылуы, жасанды интеллект (ЖИ) пен кеңістіктік-уақыттық деректерді талдауға негізделген инновациялық тәсілдерді талап етеді. Зертхана жасанды интеллект, қашықтықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) және болжамды модельдеу саласындағы озық технологияларды біріктіретін алдыңғы қатарлы зерттеулер орталығына айналады.
Зертхананың негізгі зерттеу бағыттары:
Қазақстан үшін перспективалар мен артықшылықтар
Зертхананың құрылуы Қазақстанға мынадай мүмкіндіктер береді:
Жоба логистика және көлік, энергетика және энергия үнемдеу, табиғи апаттарды мониторингтеу және ерте ескерту, ауыл шаруашылығын талдау және шешім қабылдау салаларындағы интеллектуалды жүйелер бойынша озық технологиялар мен білімді трансферлеуге арналған платформа құрады. Сондай-ақ, бұл Қазақстанға кеңістіктік-уақыттық деректерді талдау және тұрақты даму саласында өңірлік көшбасшы болуға мүмкіндік береді.
Жобаның халықаралық деңгейдегі маңыздылығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы жанынан Қазақстан-Қытай ғылым және технология трансфері орталығының құрылуы 2025 жылы Қазақстанда өтетін «Қытай – Орталық Азия» екінші саммитіндегі маңызды оқиға болмақ. Бұл қадам Қазақстан мен Қытай арасындағы өңірлік ғылыми-техникалық инновацияларды дамытуға үлес қосып, өңірдің жаңа өнеркәсіп салаларындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.