Киберполиция шетелден келген интернет алаяқты ұстады

Nur-Altay Umirzak

Оның пәтерінен екі мыңға жуық sim-карта тәркіленген

Сурет: Бейнеден кадр

Киберполиция интернет алаяқтықпен айналысқан Қарағанды қаласынан шетел азамтын, Өскемен қаласының үш тұрғынын құрықтады,деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мәлімдеді.

“Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Өскемен қаласында үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбук тәркіледі. Заңсыз іс-әрекет үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды. Оған қоса, Қарағанды қаласында шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді”, –  деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта олардың қандай заңсыз әрекеттерге барғаны туралы толық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.