40 млн теңге қарыз: СҚО тұрғынына әкімдік неге қарыз болып қалған

Nur-Altay Umirzak

Ол қарызын өткен жылдан бері ала алмай жүр

Сурет: ашық дереккөзден

СҚО тұрғыны әкімдіктен былтырдан бері қарызын ала алмай жүр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғыны әкімдіктен қарызын ала алмай жүргеніне жылға таяп қалған.

Ауылда ұзындығы 6 шақырым бөгет салынған. Аудандық әкімдік Есілдің дәл жағасында тұрған бірнеше үй мен бизнес нысанын мемлекет қажеттігіне сатып алу жөнінде шешім шығарған. Олардың қатарында Данияр Төлегеновтің де үйі бар. Мамандар 190 шаршы метр баспана мен 10 сотық жерді 40 млн теңгеге бағалапты.


Алайда үй иесі былтырдан бері тиісті қаражатты ала алмай жүргенін айтып отыр.