Президент әскери жауынгерлерді марапаттады

Nur-Altay Umirzak

Марапатқа Дубайда өткен сайыста топ жарған қазақ жауынгерлері ұсынылған

Сурет: Akorda.kz

Президент биыл Дубайда өткен UAE SWAT Challenge сайысында топ жарған қазақ жауынгерлерін марапаттады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Осындай жеңісті сәттер барша халқымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың рухын көтереді. Ел қорғаны мықты болса, Қазақстанның еңсесі әрдайым биік болмақ”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл табыс тиянақты дайындық пен қажырлы еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, биыл Дубайда өткен дүбірлі додаға Қазақстан атынан 12 команда қатысқан. Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар» және «Томирис» командалары халықаралық жарыстың күміс жүлдегері атанды. Ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» командасы төртінші орынға ие болды. Мемлекеттік күзет қызметі мен Қорғаныс министрлігінің командалары да шеберліктің үздік үлгісін көрсеткен болатын.