БҮгінде еліміздегі қоймаларда 20 млн тонна астық сақталған
Қазақстан астығын Мысыр мен Араб елдеріне астық сатпақ, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.
“Былтыр мемлекеттік қолдаудың арқасында 26,8 млн тонна астық жиналды. Бүгінде мұның барлығы элеваторларда және қоймаларда сақталған. Бүгінде 8,2 млн тонна астық тасымалданды. Оның 4,8 млн тоннасы экспортқа шықты. Жаңа нарық бар. (Астықты) Ресей және Балтық елдері арқылы тасымалдап жатырмыз. Ол бағытта 12 млн тоннасын экспортқа шығару керек. 4,8 млн тоннасы экспортталды. Сондықтан Мысыр, Араб елдеріндегі жаңа нарыққа шығамыз. Бұл жаққа 17 (ақпанда) келісімшарт отыру үшін жұмыс сапарымен барамыз, – деді министр Айдарбек Сапаров.
Министрдің айтуынша, бүгінде еліміздегі қоймаларда 20 млн тонна астық сақталған.