Қазақстан жемқорлық деңгейі жоғары елдердің ішінде нешінші орында тұр

Nur-Altay Umirzak

Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған

Сурет: gov.kz

Еліміз жемқорлық деңгейі жоғары мемлекеттердің қатарында, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы “Transparency International” ұйымы жемқорлық деңгейі жоғары мемлекеттердің рейтингін жариялады.

“Transparency International” ұйымы жариялаған рейтинг бойынша еліміз 180 елдің арасында 88-ші орынға ие болды.

Жалпы ұпай саны 100-ден 40 болып, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен бір ұпайға артық. Жемқорлықтың негізгі проблемалық салалары ретінде сот жүйесі, атқарушы билік және бюджет қаражатының тиімді пайдаланылмауы ескерілген. 

Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан.

Жемқорлықты қабылдау индексі – Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған композиттік индекс болып табылады.

Рейтинг мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың сараптамалық және бизнес-бағалауларына негізделген.