Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттаған

Nur-Altay Umirzak

Оған   қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде

Сурет: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап, заңсыз әрекет жасаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Ағымдағы жылғы 28 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен Абай облысының тұрғынын ұстады. Ол терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деп күдіктелуде. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.