Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер табылған
Қазақстанның бірнеше өңірінде жүйелі жұмыс жүргізген діни радикал тобының мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“2025 жылғы 17 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен, полицияның көмегімен Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті. Терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді”, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қазір күдіктілерге қатысты қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.