Алматы ауыр машина жасау зауытына 94 тұрғын емес үй-жай қайтарылды

Nur-Altay Umirzak

Бұрын зауыт акцияларының 31,9% Болат Назарбаевқа тиесілі болған

Сурет: azattyq.org

Алматы ауыр машина жасау зауытына сот арқылы 94-тен астам тұрғын емес үй-жай қайтарылды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қадағалау органы зауыт мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтады. Прокуратураның қадағалау актісін орындау шеңберінде мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Талап арыз – зауытқа жалпы ауданы 79 966 м2 37 гектардан астам жер учаскелерін және 94 тұрғын емес үй-жайларды қайтарумен байланысты. Сот талапкердің талаптарын қанағаттандырды, апелляциялық саты шешім күшінде қалды", –  делінген Прокуратура хабарламасында.

Бұрын зауыт акцияларының 31,9% Болат Назарбаевқа тиесілі болған. Бірақ сот оны мемлекетке қайтаруға міндеттеген болатын.