Ақмола облысында мерзімінен бұрын босап шыққан сотталушы қайта қамалды

Nur-Altay Umirzak

Ол ауыр қылмыс жасағаны үшін 10 жылға сотталған

Сурет: Бейнеден кадр

Ақмола облысы Қаракөл ауылының 30 жастағы тұрғыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзып, сот шешімі бойынша колонияға жіберілді, деп хабарлады

Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Сот оны пробациялық тіркеуге келуін айтып бірнеше рет ескерткенімен, бірақ ол оны елемеді. Тіркеуге 28 рет келген жоқ. Нәтижесінде полиция сотталғанды колонияға қайтару туралы өтініш берді және сот оны қолдады”, – делінген полиция хабарламасында.

2015 жылы ол ауыр қылмысы үшін 10 жылға сотталған. 2022 жылы ол мерзімінен бұрын босап шыққан.  Бірақ ол бірнеше рет тіркеліп тұру ережелерін өрескел бұзып,  қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін айыппұл арқалаған.