22 ақпаннан бастап Қазақстанда екі жол ақылы негізге ауысады

Nur-Altay Umirzak

Ақылы жолдарға төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі ұсынылған

Сурет: ҚазАвтоЖол

Қазақстанда 2025 жылғы 22 ақпаннан бастап екі жол ақылы болады,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы №39 және №40 бұйрықтарына сәйкес "Қостанай - РФ шекарасы (Троицке) және "Ақтөбе - РФ шекарасы (Орынборға) автожолдарының учаскелері автобус пен жүк көліктеріне ақылы болады. Аталмыш жол учаскелері ақы алу жүйесіне 2025 жылғы 22 ақпаннан бастап іске қосылады”, – делінген бұйрық мәтінінде.

1. "Қостанай –  РФ шекарасы (Троицкіге дейін). Ақылы учаскенің ұзындығы 163 шақырымды құрайды. ІІ және ІІІ техникалық санаттан тұрады. Жүріп өту жолағының ені - кемінде 3,5 метр, қозғалыс жолақтың саны - 2 және 1 екі бағытта жолақ.
2. II санаттағы Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынборға дейін) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) 17+000 – 99+692 км учаскесі. Ақылы жол учаскесінің ұзындығы 82 шақырым 692 метрді құрайды. Жол ІІ санатқа жатады, оның ені - кемінде 3,75 метр, ал жолағының саны - екі бағытта 1 жолақ.

“Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Пайдаланушылардың қолайлығы үшін төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: интернет-банкингтер, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар, ұялы телефон балансынан, Е100 жанармай картасы арқылы, және заңды тұлғалармен келісім шарт жасау. Алдын-ала төлем әлдеқайда арзан болғандықтан, төлемақыны уақтылы жасауға кеңес береміз”, – делінген компания хабарламасында.

Ақтөбе - РФ шекарасы (Орынборға) автожолының бір бағыттағы жол ақысының құны:

  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем - 515 теңге, кейінгі төлем - 600 теңге;
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем - 1040 теңге, кейінгі төлем - 1220 теңге;
  •  32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопоездар үшін: алдын ала төлем - 1545 теңге, кейінгі төлем - 1820 теңге;
  •  Жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері үшін: алдын ала төлем - 2080 теңге, кейінгі төлем - 2440 теңге;
  • - Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдер, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар үшін: алдын ала төлем - 2580 теңге, кейінгі төлем - 3040 теңге.

Қостанай - РФ шекарасы (Троицке) автожолының бір бағыттағы жол ақысының құны:

  • 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т дейін жүк автомобильдері: алдын ала төлем - 1010 теңге, кейінгі төлем - 1190 теңге;
  • 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т дейін жүк автомобильдері: алдын ала төлем - 2055 теңге, кейінгі төлем - 2415 теңге;
  • 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т дейін автопойыздар: алдын ала төлем - 3065 теңге, кейінгі төлем - 3610 теңге;
  •  жүк көтергіштігі 10 т жоғары 15 т дейінгі жүк автомобильдері: алдын ала төлем - 4100 теңге, кейінгі төлем - 4825 теңге;
  • - Жүк көтергіштігі 15 т жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар ершікті тартқыштар: алдын ала төлем - 5120 теңге, кейінгі төлем - 6030 теңге.