Бір апта бұрын болжайды: Елімізде су тасқынын алдын-ала анықтайтын жүйе іске қосылды

Nur-Altay Umirzak

Бағдарламалық жүйе жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген

Сурет: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Елімізде “Tasqyn” су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі өндірістік қолданысқа берілді, деп хабарлайды

Бұл туралы ақпаратты ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеп отыр.

“Бүгінгі таңда өзендердің 128 учаскесіндегі 142 су бекеті бойынша су тасқынын модельдеу жүргізіледі. «Қазсушар» филиалдары мен бассейндік инспекциялардың 114 маманы су бекеттері бойынша деректерге күнделікті талдау жасайды және оны жүйеге енгізеді. “Тasqyn” жүйесі жаһандық GloFAS су тасқыны жөнінде ескерту жүйесіне біріктірілген”, – делінген Су министрлігінің хабарламасында

“Tasqyn” 2025 жылдың су тасқыны кезеңіне соңғы болжамды наурыз айының басында береді. Жалпы жүйе көктемгі су тасқынын бір апта бұрын болжауға мүмкіндік береді.