Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір блогерлер табысын жасырып жүргенін мәлімдеген
Журналист Михаил Козачков салықтан берешегі бар блогерлердің тізімін желіде жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бүгін мен блогерлерге салықты қосымша есептеу туралы жарияланымды жарияладым. Ол жерде 53 миллиард теңге жайлы айтылды. Мен бұл санның қалай пайда болғанын түсінбедім, Мемлекеттік кірістер комитеті қандай да бір жолмен есептеді. Осыдан кейін бізге осындай қағаз жіберілді. Бұл – енді оң жақ бағанда көрсетілген сомаға бюджетті толтыру қажет немесе осы сомадан ЖТС ұсталатындардың тізімі. Нақты тізім немесе ойдан шығарылғанын білмеймін, бірақ таңғалдырады», - деді ол.
Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір блогерлер табысын жасырып, салықтан жалтарып жүргенін бүгін мәлім еткен еді.
«Бақылау шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік кіріс органдары уәкілетті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.Түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді ұсынылған салық декларацияларының мәліметтерімен салыстыру қорытындысы бойынша 594 тұлғаларға 53,3 миллиард теңгеге сәйкессіздіктер белгіленді, - делінген ақпаратта.