Алматыдағы Ботаникалық бақта бәйшешек гүлдеді

Qaz365.kz редакциясы

Бәйшешек - күн жылынып, шуақты көктемнің келе жатқанын алғаш хабарлайтын күй талғамайтын гүл

instagram.com/botsadkz

Көктемнің алғашқы күнінде Ботаникалық бақта бәйшешек гүлдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Көктемнің алғашқы күнінде табиғат бізге сыйлық дайындады. Ботаникалық бақта бәйшешек гүлдеді. Оны қар бүршіктері деп те атайды.  Ақ бүршіктері бар нәзік өскіндердің пайда болуымен қыс аяқталды деп айтуға болады! Қар бүршіктері жаңа өмірге деген үміт пен суықты жеңудің символы деп бекер айтылмаған», - деп жазды  Instagram парақшасына  Ботаникалық бақтың бақша қызметкерлері.

Бәйшешек - күн жылынып, шуақты көктемнің келе жатқанын алғаш хабарлайтын күй талғамайтын гүл.

«Бұл ерекше гүл Қызыл кітапқа енген. Сондықтан оларды жұлмауға, баспауға кеңес береміз. Ерекше қорғауға алынған өсімдікті жұлған жан айыппұл төлейді, тіпті 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондықтан әдемілікті алыстан тамашалаңыз", - деді Ботаникалық бақтың қызметкері.