Ол 4 550 дана темекі өнімін шекарадан заңсыз алып өтпек болған
Электронды темекіні елге әкелгені үшін шетел азаматы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Бейнеу ауданының соты шетел азаматын электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) елге әкелгені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Шекара бекетін тексеру барысында автокөліктің жүк салғышында 4 550 дана «WAKAsoPro20000» маркалы электрондық тұтыну жүйелері анықталды”, – делінген хабарламада.
Қазір күдіктіге қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.