Соғыс уақытында денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар ғана босатылады.
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев бейбіт уақытта әскерге шақырудан босатылатын азаматтарды атады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.
Оларға мына азаматтар жатады:
- денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз деп танылған, 27 жасқа толғандар;
- әскери қызметті атқару кезінде туыстарының бірі (әкесі, анасы, ағасы немесе әпкесі) қаза тапқан, қайтыс болған немесе I немесе II топтағы мүгедек болған адамдар;
- басқа мемлекетте әскери (балама) қызмет атқарғандар;
- ҚР арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет атқарғандар;
- білімі туралы растайтын құжаттарды ұсыну кезінде ғылыми дәрежесі бар азаматтар;
- діни бірлестіктерде тіркелген діни қызметкерлер;
- мемлекеттік органдарда қорғаныс, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс істейтін азаматтар;
- мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық қызметкері;
- өегіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс істейтін азаматтар;
- оқу жылы кезеңіне күндізгі оқу нысанындағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері; күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында білім алушылар;
- әскери міндетті әйелдер;
запасқа шығарылғаннан кейінгі екі жылдың ішіндегі әскери міндеттілер;
- 18 жасқа дейінгі үш және одан да көп баласы бар азаматтар;
- өздеріне қатысты алдын ала немесе қылмыстық іс жүргізіліп жатқан азаматтар;
- ҚР Парламентінің немесе жергілікті билік органдарының депутаттары болып сайланған әскери міндеттілер;
- соттылығы бар азаматтар.
Егер әскери қызметке шақыру соғыс уақытында жүзеге асырылса, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар ғана босатылады.