"Бесінші бала": Алматыда салмағы 6 келіден асатын алып бала туылды

Nur-Altay Umirzak

Алматыдағы орталықта 9 мың баланың 26-сы ірі болып туылады

Сурет: Sally Anscombe/Getty Images

Алматыда салмағы 6 келіден асатын алып бала дүниеге келді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы қаласының перинаталдық орталығы мәлімдеді.

“Туылған нәрестенің бойы – 63 см, салмағы – 6 келі 250 грам. Қазір анасы екеуінің жағдайы бірқалыпты. Бұл 32 жастағы келіншектің бесінші баласы. Ана мен бала дәрігерлердің бақылауында”, – делінген орталықтың хабарламасында.

Орталық мамандары жыл сайын қалалық перианаталдық орталықта дүниеге келген 9 мың баланың 26-сы ірі болып туылатынын айтып отыр.