Ресейдің Мәскеу қаласында белгілі нумеролог Клара Күзденбаеваның туған күні дүркіреп өтті. Кешке Қазақстан мен Ресей танымал тұлғалары жиналды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Әрине, көпшіліктің көзіне түскен бірінші адам – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева болды.
Әлия Назарбаевмен түскен суретін Клара Күзденбаваның өзі де бөліскен. Кеш жабық форматта, Мәскеудің беделді «Ярь» мейрамханасында өтті.
Айта кетейік, Әлия Назарбаеваның жақында Мәскеуге көшкені туралы ақпарат тараған. Өйткені оның Ресейде үлкен бизнесі бар, енді Назарбаева сол жақта тұрақты тұруды жоспарлап отыр.
Еске салсақ, Клара Күзденбаева кезінде Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегіне қатысты да пікір айтқан. Сондай-ақ белгілі әнші Жанар Дұғалованың қашан тұрмысқа шығатынына да қатысты болжам жасаған.