Астанада мектеп директоры күйеуін өлтірді

Qaz365.kz редакциясы

Ерлі-зайыптылар арасында отбасылық жанжал шыққан

inbusiness.kz

Астанада ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық жанжал адам өліміне әкеп соқты. Әйелі күйеуін өлтірді. Күдікті елорда мектептерінің бірінің мұғалімі әрі директоры болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 31 арнаға сілтеме жасап.

Директордың әріптестері әйелдің жақында бір айлық демалысқа өтініш білдіргенін, арада алты күн өткенде қайғылы жағдай болғанын айтады.

10 жылдан астам тәжірибесі бар, кейін директор болған биология пәнінің мұғалімі жауапкершілігі мол жақсы маман екенін бәрі бірауыздан айтады.

"Өте еңбекқор, ашық адам. Өз ісін жетік біледі. Иә, әрине, бұл өте қайғылы жағдай. Барлығының күйзелісі", - дейді білім мекемесінің өкілі.

Түске таман ерлі-зайыптылардың пәтерінде отбасылық жанжал шыққан. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күйеуі алдымен әйелінің мойнын пышақпен кесіп, кейін кеуде тұсынан жаралаған. Бұған жауап ретінде әйел өзін қорғау үшін күйеуіне пышақ алып жүгіріп, оның соңы қайғылы аяқталды.

Қазір мектеп директоры көптеген жарақаттармен хирургия бөлімінде жатыр.

Қалалық полиция 26 ақпанда тұрғын үйдің пәтерінен ер адамның мәйіті табылғаны, пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түскенін мәлімдеді. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.