Қырғызстанға 102 мың тонна заңсыз бензин шығарған қылмыстық топ анықталды

Nur-Altay Umirzak

Қылмыстық топтың үш қызметкеріне мемлекетаралық іздеу жарияланған

Сурет: Бейнеден кадр

Қырғызстанға 102 мың тонна заңсыз мұнай өнімдері экспорттап келген қылмыстық топ әшкере болды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

“Қаржылық мониторинг агенттігі Қырғызстанға АИ-92 бензинін заңсыз шығарған қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Күдіктілер бензинді еріткіш ретінде рәсімдеп, жалған құжаттармен шекарадан өткізген. «Түрксіб» станциясында 500 тоннаға жуық заңсыз бензин тиелген 8 цистерна ұсталды. 2023-2024 жылдары «Қара Май Ойл» зауытынан 102 мың тоннадан астам мұнай өнімі экспортталған. Қылмыстық топтың айналымы 15,5 млрд теңгеден асып кеткен”, – делінген ҚМА хабарламасында.

Қазір компанияның іс жүргізіп басқаратын үш қызметкеріне мемлекетаралық іздеу жарияланған