Айта кетейік, Әсет Ерғалиев бұл қызметті бұған дейін де атқарған.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Әсет Ерғалиев бұл қызметті бұған дейін де атқарған. Атап айтсақ, 2022 жылғы 6 қаңтардан бастап 2023 жылға дейін істеген.
Естеріңізге сала кетейік, Ерғалиев көпшіліктің есіңде Ұлттық экономика министрі кезінде «Тамаққа күніне 50-60 мың теңге жұмсаймын» деген сөзімен қалған.