Жер сілкінісі кезінде аман қалған 11 жасар Эмир 3 жасар інісін құтқарып қалды

Qaz365.kz редакциясы

Ол қарындасын да құтқарып қалмақшы болған

Anadolu Agency

Жер сілкінісі кезінде әкесінің құтқаруымен аман қалған 11 жасар Эмир Тұран 3 жасар інісін өзі үйінді астынан алып шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 

6 ақпанда Қахраманмараштың Пазаржык және Елбистан аудандарында болған 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі кезінде Адыяманның Бесни ауданына қарасты Токар ауылында отбасымен үйінді астында қалған Эмирдің анасы, тәтесі және атасы қаза тапты.  

Эмир Тұран жер сілкінісі кезінде әкесі және ағасымен бір бөлмеде қалған. Әкесі баласын құтқару үшін бар күшін салып, оны аман-сау шығарады. Ол болса шыға сала 3 жасар інісі Хамза жатқан жаққа жүгіреді. Шынылардың арасынан өтіп інісіне жеткен Эмир бауырын үйінді астынан алып шығады.

- "Хамза кішкентайымыз болғандықтан ең бірінші соны ойладым. Қарындасым Йағмур екеуі қатар тұрды. Екеуіне бірдей шамам келмеді. Хамза қорқып жылап тұрды, оны жалғыз қалдырып кете алмадым", - деді.

Ал әкесі Өмер Тұран ол күнді ешқашан ұмыта алмайтынын айтты. Өте қатты дүмпуден оянған:

- "Жер қатты сілкінді. Орнымыздан тұра алмадық. Креслоның астына қарай отырдық. Жанымда Эмир мен Эмре болды. Сол күні үйде қонақтар бар еді. Олар ұйықтап жатты. Бір тесік ашылды, мен Эмирді сол жерден шығардым. Сыртта кездескен адамдардан көмек сұра дедім. Эмир шатырға шыққаны сол еді есіне бауыры түскен. Яғмурды да шығарып алғысы келді, бірақ шамасы келмеді. Кейін Эмрені шығарып, артынан өзім шықтым. Өкінішке орай әйелімді, әпкемді және әкемді үйінді астынан шығара алмадық.

Үйінді астынан қызы Яғмурды шығару да оңайға соқпаған:

- "Яғмурды 2,5 сағатта алып шықтық. Жаны қиналып кеткен болуы керек ол: "Әке, өлуге рұқсат етіңіз", - деді. "Қызым, жаныңдамын, қорықпа", - деп күш беруге тырыстым. Қолы сынған, аяғы анасының астында қалған. "Әке, аяғымды суырып алып шық", - деді бір кезде. Бәрі тез арада болмайтынын сезген ол тағы екі рет "Өлейін, әке" деп жалынды. Тәтесі оларды қалқалап қорғауға тырысқан екен. Қызымды ұзақ уақыттан кейін алып шықтық. Әпкем мен әйелімнің тамыр соғысын тексердім. Олар сол минутта қаза тапқан екен. Біз олардың үстіндегілерді домкратпен алып, денелерін шығардық", - дейді ауыр күндерді еске алған әке.