СҚО-да 125 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Nur-Altay Umirzak

Өңірде 34 жер учаскесін мақсатына сай пайдаланылмаған

Сурет: kaz.inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысында 125 мың гектар пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Прокуратура органдары пайдаланылмаған жер учаскелерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың басынан бері қадағалау органы жалпы ауданы 125 мың гектардан асатын 34 жер учаскесін мақсатына сай пайдаланылмағанын анықтады. Ақжар, Тимирязев, Уәлиханов аудандарының жер пайдаланушылары Жеркодексінің талаптарын бұза отырып, ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 34 жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған. Қадағалау актілері бойынша жалпы ауданы 8,3 мың гектардан асатын, кадастрлық құны 95,7 миллион теңгеболатын 8 жер учаскесі қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда”, – делінген Прокуратура хабарламасында.

Қалған жер учаскелері бойынша оларды қайтару жұмыстары жалғасуда.