Шұғыл ақпарат: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

Nur-Altay Umirzak

Кезекті жоспарлы шешім 2025 жылдың 11-сәуірінде жарияланады

Сурет: ҚР Ұлттық банкі

ҚР Қазақстан Ұлттық банкі бүгін базалық мөлшерлемені көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Шешім қабылданғанда нақты деректерді, жаңартылған болжамдар мен инфляциялық тәуекелдердің балансын бағалау барысы ескерілді.Бағаның ағымдағы өсу қарқыны жоғары деңгейге жетіп келеді. Бұл өз кезегінде ақша-кредит шарттарын айтарлықтай жеңілдетеді. Сондықтан инфляцияның өсу тәуекелін азайту үшін белсенді әрі пәрменді шаралар қажет. Қабылданған шешім факторлары мен болжам туралы барынша толық ақпарат 2025 жылғы 17 наурызда Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында Ақша-кредит саясаты туралы баяндамада ұсынылады. Алдағы жылдарға инфляция болжамы жаңа факторлар ескеріле отырып көтерілді. Ол 2025 жылы 10-12%, 2026 жылы 9-11% шегінде күтіледі. 2027 жылдың қорытындысы бойынша инфляция тежеуші ақша-кредит саясатының және жоспарланған салық реформасына байланысты фискалдық ынталандыруды қысқарту нәтижесі ретінде 5,5-7,5% деңгейіне дейін төмендейді”, – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 11 сәуірде Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.