Тараз қалалық сотының төрағасы 3 жылға сотталды

Qaz365.kz редакциясы

Ол жемқорлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

arbat.media

 

Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

“Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, А.Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Ведомство мәліметінше, сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алды.