Қажет болған жағдайда жұмыс уақытын өзгерту енгізілуі мүмкін екендігі айтылды
Үкімет Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуі туралы мониторинг нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев Үкімет отырысында бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгеннен кейінгі мониторинг нәтижелерін айтып берді.
“Сарапшылар қауымдастығын тарта отырып біртұтас уақыт белдеуіне көшудің халықтың денсаулығына, энергия тұтынуына және еңбек өнімділігіне практикалық әсеріне мониторинг жүргізілген. Зерттеу әдістемесі уақыт белдеуін енгізудің әсерін бағалау үшін 40-тан астам көрсеткішті қамтыды. Еңбек қызметі орындалған жұмыс көлемін, кешігу және жұмысқа келмеуін, жарақаттар мен тәртіпті бұзу жағдайын қамтиды. Нәтижелер біртұтас уақыт белдеуіне көшудің халықтың өмірлік белсенділігінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері жоқ екенін көрсетті. Сонымен қатар, кейбір мәслихаттар жұмыс уақытын 08:00-17:00 аралығына ауыстыруды қолдады. Бұл шаралар жұмысты және жеке өмірді тиімді үйлестіруге бағытталған. Қажет болған жағдайда мұндай тәжірибе басқа өңірлерде де енгізілуі мүмкін”, – деді министр.
Еске сала кетейік, Қазақстан 2024 жылдың 1 наурызынан бастап бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшкен болатын.