Қазақстандағы ең ірі 10 салық төлеуші компанияның тізімі шықты

Nur-Altay Umirzak

Өткен жылы бұл компаниялар ел қазынасына 5,9 трлн теңге аударған

Сурет: wikimedia.org

Еліміздегі ең ірі 10 салық төлеуші компания белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Energy Monitor қоғамдық қорының мәлімдеді.

Қор мәліметінше, былтыр еліміздегі ең ірі 10 салық төлеуші компания қазынаға 5,9 трлн теңге аударған. Бұл –  жалпы салық түсімінің 25,3%-ы. Әдеттегідей мұнай-газ және банк секторындағы компаниялар көш бастап тұр.

Қазақстандағы ең ірі – 10 ірі салық төлеуші компаниялар тізімі:

  • «Теңізшевройл» ЖШС– 3 056 млрд теңге
  • Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (КПО) – 1 146 млрд теңге
  • «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – 304 млрд теңге
  • «Қазақстан Халық банкі» АҚ– 250 млрд теңге
  • «Азиялық газ құбыры» ЖШС– 225 млрд теңге
  • KAZ Minerals Aktogay ЖШС – 215 млрд теңге
  • NCOC – 211 млрд теңге
  • «Өзенмұнайгаз» АҚ – 180 млрд теңге
  • Шымкент мұнай өңдеу зауыты – 179 млрд теңге
  • «Ембімұнайгаз» – 167 млрд теңге.