Жедел жәрдемге орнатылған "Сергек" 8 мыңнан аса заң бұзушылықты тіркеді

Nur-Altay Umirzak

Орнатылған камералар түнде, кез келген ауа райында, байланыс болмаған жағдайда да жол ережесін бұзуды анықтай алады

Сурет: Sergek Group

Көкшетауда «Сергек» орнатылған жедел жәрдем көлігі 8 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактілерін тіркеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы “Sergek Group” компаниясының бас директоры Евгений Ким мәлімдеді.

“Пилоттық жоба барысында бір ай ішінде 8 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Біз жедел жәрдем көлігіне жол беру жүргізушілер үшін әдетке айналса дейміз. Жүргізуші тәртібін күшейту арқылы біз айыппұл санын азайтып қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қол жеткізер едік», – деді “Sergek Group” компаниясының бас директоры Евгений Ким.

Көкшетауда жедел жәрдем көлігіне орнатылған «Sergek Patrol» мобильді кешені жасанды интеллект, заманауи камералар және радармен жабдықталған. Тестілеу жүргізіліп жатқан жүйе түнде, кез келген ауа райында, байланыс болмаған жағдайда да жол ережесін бұзуды анықтай алады екен.