"Шатастырып алмаңыз!": Қызғалдақ жұлу бас бостандығынан айыруы мүмкін

Nur-Altay Umirzak

Қазақстанда қызғалдақтың 18 түрі "Қызыл кітапқа" енген

Сурет: rgo.ru/Юрий Югансон

Байқамастан, шатастырып болса да қызғалдақ жұлған қазақстандықтар айыппұл арқалауы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ескерту жасады.

“Елде қызғалдақ тұқымдас гүлдердің 18 түрі «Қызыл кітапқа» енген. Сондықтан заңмен қорғалады. Қылмыстың ауырлығына байланысты бас бостандығынан айыру жазасы немесе 11,7 млн теңге (3 000 АЕК) көлемінде айыппұл салу қарастырылған”, – делінген министрлік хабарласында.