Қазіргі уақытта барлық қажетті жол белгілер белгіленген аймаққа орнатылған
Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған стансасы маңында 19 наурыздан бастап автокөліктер қозғалыс өзгереді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі мәлімдеді.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ республикалық маңызы бар KAZ01 "Астана - Қарағанды (айналма жол) - Алматы" автожолының "Шамалған стансасының айналма жолының" 2453-2446 шақырым (42-49 шқ) аралығындағы учаскесінде құрылыс жұмыстарының аяқталуына және қолданысқа берілуіне байланысты жол пайдаланушыларға өзгерістер туралы ескертеді. 2025 жылғы 19 наурыздан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ хаты негізінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы елдімекені арқылы өтетін аталған автожолдың 2448+900 шақырымында (46+100 шақырым) орналасқан теміржол өткелі жабылады. Көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жаңа айналма жол ұйымдастырылды”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта барлық қажетті жол белгілері мен қозғалысты реттейтін құралдар белгіленген аймаққа орнатылған.