Компания екі жолаушының ғана жазаға тартылу шешімімен келіспейтінін мәлімдеді
FlyArystan әуекомпаниясы Астана әуежайындағы жанжалға қатысқан барлық жолаушыны жауапқа тартпақшы. Компания екі жолаушының ғана жазаға тартылу шешімімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
FlyArystan-ның хабарлауынша, 25 ақпанда әуе компанияға қатысы жоқ себептерге байланысты (Шымкент әуежайындағы ұшып-қону жолағы жұмысының шектеуіне байланысты) Астана - Шымкент бағытында ұша алмай қалған жолаушылар жанжал шығарды, олардың екеуі әкімшілік жауапқа тартылып, әкімшілік жазаға сәйкес, ҚР 434-бабына және 73-баптың 1-бөліміне сай (соққыға жығылу) айыппұл төледі. Алайда компания мұнымен келіспейді және жанжал шығарған жолаушының бәрін жауапқа тартпақшы.