Үш облыста су тасқынына байланысты жолдар жабылды

Nur-Altay Umirzak

Су тасқыны  қардың көп мөлшерде бірден еруі салдарынан болған

Сурет: uralskweek.kz

Су басып қалған үш республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖолдың» баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды", – делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы:

«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-92 шақырымы Қандыағаш қаласы мен Ембі қаласының аралығы.

Қостанай облысы:

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территорияда Мариновка ауылына жақын аймақтағы учаске.

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Петропавл қаласының айналма жолының» 4-7 шақырым,ы Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейінгі аралық.