Ораза айтта 9 күн демалыс жарияланды

Nur-Altay Umirzak

Бұл туралы Президент жарлығы ресми бекітілген

Сурет: aprilmay june/youtube.com

Түркия халқы қасиетті Рамазан айынан кейін бірден басталатын Ораза айтта бірден  9 күн демалатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы жаңалықты Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

«Мектептердегі көктемгі каникул мерзімімен тұспа-тұс келген Ораза айт мерекесі күндері барлық түркиялықтар отбасымен бірге демалуы үшін осындай игі қадамға бардық», –  деді Режеп Тайып Ердоған.

 Үш күндік айт мейрамынан кейін келетін 2, 3, 4 сәуір жұмыс күндері де Президент жарлығымен демалыс болып есептеледі. Бұған дейінгі жылдарда түркиялықтар Ораза айтта үш күн, Құрбан айтта 9 күн демалатын болған.