Қаржы пирамидасының кезекті жетекшісі Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды - видео

Qaz365.kz редакциясы

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды

Видеодан кадр

Қазақстандықтардан 85 млн теңгеден астам ақша жымқырған қаржы пирамидасының жетекшісі Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды qaz365.kz.

«Украина Бас прокурорының офисі қаржы пирамидасын ұйымдастырған және басқарған «К» есімді Қазақстан азаматын экстрадициялау туралы өтінішімізді қанағаттандырды. Тергеу барысында аталған адамның 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде беріп, қазақстандық азаматтардың 85 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын алдап алғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін азаматша «К» қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Биыл қаңтарда күдіктіні Украина аумағында сол елдің құқық қорғау органдары ұстады. 

Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері шетелдік әріптестерінің көмегімен азаматша «К»-ны біздің елімізге экстрадициялады. 

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.