Адыяман қаласында жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 8:27-де тіркелген.
Түркияның Адыяман қаласында магнитудасы 4,4 балдық зілзала тіркелді. Бұл туралы бүгін Түркия Үкіметі жанындағы Төтенше жағдайларды болдырмау және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 8:27-де тіркелген.
Эцпицентрі Челикхан ауданында орналасқан. Тереңдігі - 7 шақырым.
Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында болған зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимараттар қирады.