Ниқаб киіп, туды қорлағандарға сот үкімі шықты

Qaz365.kz редакциясы
әлеуметтік желі

Атырауда маңдайында араб жазуы бар Қазақстанның жалауымен сұқ саусағын көтеріп суретке түскен төрт қызға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот мұны "ұсақ бұзақылық" деп танып, қыздардың біреуін 15 тәулікке қамады. 

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бабына сәйкес, мұндай әрекетке 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған", – дейді Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты.

Бұған дейін сот үкімімен қыздардың бірі 15 тәулікке қамалған еді. Оның жазасын ауырлатқан жайт әлгіндей әрекетке жасөспірімді тартқан және топ болып әрекет етуге мұрындық болған.

Екінші қызға 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды. Үшінші, кәмелет жасына жетпеген қыздың ата-анасы да 39 мың теңге айыппұл арқалады. Фотода төртінші қыздың қандай жаза алғаны белгісіз.

Еске салсақ, Атыраудағы мұз айдынында төрт бойжеткен қара ниқаб киіп, өзгертілген Қазақстан туымен суретке түсіп, қоғам наразылығын тудырған еді.