Пойызда 200-ден астам адам болды
ТЖМ ақпараты бойынша, бүгін сағат 10:30-да Шалқар ауданының Бершүгір теміржол станциясында маневрлік локомотивпен бүйірлік соқтығысу салдарынан "Бішкек-Самара" пойызының тепловозы, бірінші вагоны және екінші вагонының үш доңғалақ жұбы рельстен сырғып кетті, деп хабарлайды qaz365.kz.
Пойызда Қырғызстан, Ресей және Қазақстан азаматтары, сондай-ақ ҚТЖ қызметкерлері – барлығы 200-ден астам адам болды.
Әйтеуір, ешкім зардап шеккен жоқ.