Жанар Жандосова сайлау додасына қайта оралды

Qaz365.kz редакциясы

Прокурор соттан Жанардың талабын қанағаттандыруды сұрады

Әлнұр Ильяшевтің Фейсбук парақшасынан

Жанар Жандосова Алматы қаласының мәслихатына 17-ші округ (Медеу ауданы) бойынша сайлау додасына қайта оралды. Бұл туралы қоғам белсендісі Әлнұр Ильяшев Фейсбуктегі жеке парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды qaz365.kz.

"Бұрын тек бақылаудағы кандидаттарды ғана тіркейтін жүйенің кемшіліктері Жанарды және "Derbes Deputat" ұйымынан түсіп жатқан (Ася Төлесова, Ерболат Оразбекұлы) басқа да кандидаттарды сайлау жолынан алып тастады. Бірақ біздің ашықтық (транспаренттілік) және Конституция нормаларына сүйену қағидаттары ерте ме, кеш пе, жүйені және ондағы адамдарды заң аясында жұмыс істеуге мәжбүр етеді", - деп жазды А. Ілияшев,

Ол Алматы қаласының прокуроры іс бойынша өз қорытындысын жариялай отырып, соттан Жанардың талабын қанағаттандыруды сұрағанын атап өтті.

"Прокурордың қоғамдық-саяси сипаттағы процестерде белсендіні қолдағанын бірінші рет көріп отырмын. Бұрын талапкер қанша жерден дүрыс болса да, белсенділердің талаптарын қанағаттандырудан бас тартқанды естіп жүретінмін", - деп таң қалды белсенді.