Елордалық қызметкерлердің 1,9 млн теңге сомасындағы жалақысы берілмей, кешіктірілген

Nur-Altay Umirzak

47 қызметкердің жалақысын төлемеген лауазымды тұлға жауапқа тартылған

Сурет: rezonans.kz

Елордада жұмыскерлердің еңбекақы төлеу құқықтарын қалпына келтірілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді. Талдау барысында балабақшаның 47 қызметкерлеріне 1,9 млн теңге сомасында жалақы төлеуді кешіктіру фактісі анықталды. Қадағалау актісі негізінде бүгінгі күні аталған тұлғалар алдындағы берешек толық көлемде өтелді, мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Кінәлі адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы және жалақыны уақтылы төлеуі құзырлы органдардың бақылауында.